Көкшетау қалалық ауруханасы 1953 жылы терапевтік аурухана мен қалалық емхана негізінде құрылды. 1972 жылы Сәтбаев көшесі 85-де қалалық аурухананың жаңа ғимараты салынды.
2010 жылдың сәуір айынан бастап "Көкшетау қалалық ауруханасы" МКҚК-нан ШЖҚ МКК кәсіпорнына қайта ұйымдастырылды.
2020 жылдың қазан айында 200 төсектік " Жұқпалы аурулар орталығы " ашылды.
Аурухананың қуаттылығы: тәулік бойы 296 төсек-орын және күндізгі стационарда 30 төсек-орын және " Жұқпалы аурулар орталығы " 40 төсек
10 мың тұрғынға, шаққанда 17,2 төсекпен қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынды жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі-Қалымжанов Сәкен Қалымтайұлы басқарады.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК қаланың ересек тұрғындарына келесі мамандықтар бойынша білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді: хирургиялық, оның ішінде қан тамырлары хирургиясы, кардиологиялық, неврологиялық, оның ішінде медициналық оңалту, инфекциялық, терапиялық және гинекологиялық профильдер.
Ұжымда 419-дан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 52 дәрігер, 195 орта медициналық қызметкер және 7 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі.
Дәрігерлердің санаттылығы 70% және ОМП 57%.
Емделіп шыққан науқастардың жыл сайынғы көлемі 10 000-нан астам пациент.
Операциялық араласулардың көлемі 1 479-дан астам.
Хирургиялық белсенділік 67,76% құрайды.
Медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 87,45%.
Бiз туралы
МІНДЕТ
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
«Адамды сауықтыру - ұлт денсаулығын нығайту»