Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 85 үйде орналасқан Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны конкурс жариялайды.
- Конкурсты өткізу орны: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев к-сі, «85», анықтама үшін тел. 8(7162) 78-06-27, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Кәсіпорынның Адами ресурстарды басқару қызметі.
- Құжаттарды қабылдау уақыты және конкурсқа қатысу туралы өтініш ұсыну мерзімі: құжаттар хабарландыру БАҚ және Кәсіпорынның ғаламтор-ресурстарында шыққан күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
- Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
- Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі қызметі ересек тұрғындарға білікті, арнайы медициналық көмек көрсету болып табылады.
- Бас дәрігердің лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау";
- "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі;
- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы;
- денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңы; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
- еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
- Әңгімелесу екі кезеңдерден тұрады: Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы; кандидаттың құзыретін бағалау.